Құрманғалиев халықаралық турнирде жеңіске жетті

Иорданияда «WTT Youth con­tender Amman 2023» үстел теннисінен халықаралық турнир өтті. Онда 17 жас санатында алтын медальді қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эль­мира Әлиева) жеңіп алып, ел мерейін тасытты.

– Алан ел намысын жалғыз қорғауда. Турнирде Сауд Арабия, Иордания, Біріккен Араб Әмірлігі спортшыларын жеңіп, жартылай финалға еркін шықты. Кейін катарлықты жеңіп, ақтық сында Египет спортшысына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Барлық қарсыласын 3:0 нәтижесімен жеңіп, алтыннан медаль тағынды. Алда 19 жас санатында бақ сынайды. Тақым қысып отырмыз, – деді жаттықтырушысы Эльмира Әлиева.

Аланның жасы небары 16-да. Эльмира Әлиева оны 7 жасынан бастап жаттықтырып келеді. Бас-аяғы 1-2 жылдың ішінде жоғары нәтиже көрсетіп, 28 халықаралық старт медаль жеңіп алған. 12 алтын, 7 күміс және 9 қола. Қазір табандылықпен жаттығып, дағдыларын жетілдіру үстінде.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.