Құрманғалиев халықаралық турнирде жеңіске жетті
Иорданияда «WTT Youth contender Amman 2023» үстел теннисінен халықаралық турнир өтті. Онда 17 жас санатында алтын медальді қарағандылық Алан Құрманғалиев (жаттықтырушысы Эльмира Әлиева) жеңіп алып, ел мерейін тасытты.
– Алан ел намысын жалғыз қорғауда. Турнирде Сауд Арабия, Иордания, Біріккен Араб Әмірлігі спортшыларын жеңіп, жартылай финалға еркін шықты. Кейін катарлықты жеңіп, ақтық сында Египет спортшысына ешқандай мүмкіндік қалдырмады. Барлық қарсыласын 3:0 нәтижесімен жеңіп, алтыннан медаль тағынды. Алда 19 жас санатында бақ сынайды. Тақым қысып отырмыз, – деді жаттықтырушысы Эльмира Әлиева.
Аланның жасы небары 16-да. Эльмира Әлиева оны 7 жасынан бастап жаттықтырып келеді. Бас-аяғы 1-2 жылдың ішінде жоғары нәтиже көрсетіп, 28 халықаралық старт медаль жеңіп алған. 12 алтын, 7 күміс және 9 қола. Қазір табандылықпен жаттығып, дағдыларын жетілдіру үстінде.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz