Жаңалықтар

Әркімнің жағдайы ескерілген

Балқаш шаһарындағы референдум учаскелері мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайланып жабдықталған. №15 Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп-лицейде орналасқан №179 референдум учаскесінде қала тұрғыны Ерболат Бурабайұлы дауыс берді. Саяси маңызы бар айтулы шарадан қалыс қалмауды жөн санаған ол ел болашағына бейжай қарамау керектігін айтады.

– Бұл референдум учаскесінде арбаға таңылған азаматтардың кедергісіз келуіне барлық мүмкіндіктер қарастырылған екен. Өзім Томпиев көшесінде тұрған соң осы учаскеге келдім. Осынау шараға қатысуыма қала әкімі қолдау білдірді. Мен азаматтық парызымды орындадым. Бізді жарқын болашақ күтіп тұрғанына сенімдімін, – дейді Ерболат Бурабайұлы.
Айта кетейік, қаладағы референдум учаскелері пандустар, шақыру тетіктерімен жабдықталған. Жүріп-тұруы қиын азаматтар жауапты мамандар тарапынан жасалған бұл қамқорлыққа дән риза. Себебі олар да өзге жұрттан қалыспай, бүгін өз таңдауын жасады.

Нұрдос КӘРІМ.

БАЛҚАШ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button