Жаңалықтар

Өркениетті қоғам – басты мүдде

Ел Президенті Қазақстан халқы алдында әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру туралы тапсырма қойды. Бұл ретте бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыру маңызды.

Қазіргі қоғам іс-әрекетіне өзі басшылық жасап, шұғыл шешім қабылдай алатын тұлғаны қажет етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар тұлғаның ойлау жүйесін қалыптастыруды, әртүрлі жағдаяттарда нақты шешімдер қабылдай білуге үйретуді мақсат етеді.
Мемлекет дамуында – ақыл-ой және шығармашылық әлеуметтің ролі орасан зор. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі негізделген дәлелдер мен мән-мәтіндерді, тұжырымдар мен әдістер, критерийлерді қолдана білетін, нысаналы, өзін реттей алатын ой үдерісі ретінде бейнеленіп отыр. Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мән-мәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдер қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер теориялық базаны және тиісті әдіс-тәсілдері мен жаңа технологияларын дамыту керек. Келешекте мұғалімдер өздерінің сабақтарын жоспарлау кезінде STEM технологиясын қолдану үшін дарынды оқушыларды сүйемелдеу және қолдау көрсету арқылы тармақталған жүйесін іздестіруге негізделуі керек. Мектепте білім алатын оқушылардың аса дарындылығын анықтау үшін шығармашылық ортаны нығайтуға ықпал ету көрсетілген. Өскелең ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың ой-өрістерін дамыту барысында адамгершілік-рухани құндылықтарға, әлеуметтік ортада өзінің шынайы әрекеттерге, сенімділікке, ой-қиялын дамытуға және басқаларға көмек көрсетуге дағдыландыру. Сонда ғана біз оқушылардың алған білімдерін өмірде қолдана білуінен үлкен септік тигіземіз. Ал, мұғалімдер сабақтарын жоспарлау кезінде KLIL және STEM-оқытуды қолдану және пәнаралық интеграция қарастыру қажет (биология, химия, математика, технология).
Аталған әдіс-тәсілдерді үнемі қолдансақ жақсы нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенімдімін. Ал, бұл талапты орындау үшін мұғалім көп ізденіп, заман талаптарына сай білімге ие болып, әлем жаңалықтарымен де таныс болуы керек.

Ж.ҚАЙЫРБАЕВА,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша
ПҚБАИ аға оқытушы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button