Приозерск

Өркендеуге нық қадам

Қазір әлем жаңа заманға аяқ басты. Экономикалық өрлеу, әлеуметтік даму, қоғамдық тұрақтылық, дінаралық және этноса­ралық татулық – барша қазақстандық үшін маңызды. Демек, әрбір қазақстандық әрбір азамат ортақ іске қомақты үлес қосуы керек. Бұл ретте мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіліп отырған реформаларға және олардың табысты іске асырылуына мемлекеттік органдардың жауапкершілігін көтеру қажеттігін атап көрсетті.

Яғни, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың республикалық телеарналар арқылы ел халқына арнаған Үндеуі билік тармақтары өкілеттіліктерін бөлісудің заман талабы екендігін айқындап берді. Елбасы өз сөзінде бірқатар өкілеттіліктердің заң шығарушы және атқарушы билік органдарына берілуі керек екендігін атап өтті. Әрі бұл реформаның жалпыхалықтық талқылауға ұсынылатындығын тілге тиек етті. Елбасы Үндеуін қоғам өкілдері бірауыздан қолдап, реформаның Қазақстан дамуында айрықша роль атқаратындығына сенім білдірді.

Жас буын өкілі ретінде айтар болсам, мұндай іс-шара тәуелсіз қазақ елінің тарихында тұңғыш рет қолға алынып отыр. Бұл – елімізде жүзеге асырылып жатқан демократияның нақты нәтижесі де білемін. Өйткені, бұл – оңды әрі өте дұрыс шешім. Қалай десем де, еліміздің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу – бүгінгі күннің талабы. Сондықтан, бұл шешім республикамыздың дамыған мемлекетке айналуын қамтамасыз ететін қадамдардың бірі екеніне толықтай сенемін.

Ұ.АЛМАС,

«Жас Отан» Жастар қанаты

қалалық филиалының хатшысы.

Приозерск қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button