ЖаңалықтарРесми

Әріптестер – марапат биігінде

Республика күні қарсаңында жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті ұштастыра бiлген әріптестеріміз жол сапасы мәселелері тақырыбындағы үздік жарияланымдар байқауында жеңімпаз атанды. Атап айтсақ,  «Үздік мақала» аталымы бойынша І орынды «Ortalyq Qazaqstan» газетінің тілшісі Ерік НАРЫН, ІІІ орынды «Егемен Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі  Қасымхан ҒАЛЫМ жеңіп алды. «Ақпараттық сайттағы үздік жариялыным» аталымындағы ІІ орынды «Ortalyq Qazaqstan» газетінің интернет-редакция тілшісі Ербол ЕРБОЛАТ иеленді.

 

 

Экономиканың күретамырына айналған «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының» жұмысы жөнінде 4 жылдан астам уақыт ішінде 400-ге жуық материал жарияланған. Соның 40 пайызы республикалық, қалғаны жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шықты. БАҚ қызметкерлерімен біріккен жұмыстың арқасында әр атқарылған іс – ел назарында. Әрине, барлығы сіздердің жоғары кәсібиліктеріңіз бен адал еңбектеріңіздің жемісі, – деді «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының директоры Нұржан Темірханов.

Республика күніне орайластырылған салтанатты шарада сондай-ақ, «Үздік телевизиялық жариялыным» және «Әлеуметтік желідегі үздік жариялыным» жеңімпаздары марапатталды.

Айта кеткен жөн, Қарағанды облысы бойынша төрт жылда филиал мамандары БАҚ өкілдерімен бірлесіп 1 132 нысанды және 4431 жолды ашқан.  Кәсіпорынмен бірлесіп бірнеше жыл ішінде 10 773 жол құрылыс материалдарынан сынама алған. Оның ішінде 2 969-ы талапқа сай келмейтіні анықталып, құжаттар тиісті мекемелерге жіберілді. Сондай-ақ, өңірдің 5632 автомобиль жолдарына диагностика және паспорттау жүргізген.

Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button