Жаңалықтар

Әріптесіміздің еңбегі еленді

«Машина жасау – жаңа технологиялар мен инновацияларды дамытудың драйвері» атты журналистер арасында өткен республикалық шығармашылық байқауда әріптесіміз, облыстық «Индустриальная Караганда» газетінің тілшісі Кирилл Васильев жүлделі бірінші орынды қанжығасына байлап, Арқа журналистикасының мерейін тасытты.

 

Байқауды «Қазақстан машина жасаушылар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырған. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Үздік телевизиялық материал», «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» және «Интернет БАҚ-тағы үздік жарияланым» номинациялары бойынша таңдалып, жүлделі орындарға ие болған журналистер мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Байқауда өндіріс тақырыбына жүйелі қалам тербеп жүрген талантты журналист Кирилл Васильевтің еңбегі жоғары бағаланып, «Интернет БАҚ-тағы үздік жарияланым» аталымында бірінші орынға ие болды. Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Back to top button