Әріптесіміз – Нұрдос КӘРІМ марапатталды
Бүгін облыстық әкімдікте аймақтың табиғат қорғаушыларының мерейін тасытып, мәртебесін асырған салтанатты шара өтті. Экологтарды облыс әкімінің орынбасары Серік ШАЙДАРОВ құттықтады. Қазақстан Республикасының экология қызметіне 30 жыл толуына және 5-маусым күні атап өткен Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орайлас келген салтанатта ардагер экологтарға құрмет көрсетілді.
Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің қызметкерлеріне, өзге де кәсіпорын, мемлекеттік органдар мүшелеріне облыс әкімінің Құрмет грамотасы, Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне және Қазақстан Республикасының экологиялық қызметіне 30 жыл толуына орай, экология саласындағы адал еңбегі үшін, мерейтойлық төс белгі табысталды. Төс белгі иеленгендердің қатарында басылымның бөлім басшысы, әріптесіміз – Нұрдос КӘРІМ де бар. Нұрдос – департаменттің экология бойынша тұрақты комиссия мүшесі, сонымен бірге, басылым бетінде эколгогия тақырыбын қаламына арқау еткен қаламы қарымды журналист. Екі жылдан бері “Орталық Қазақстан” газетінде экология тақырыбындағы “Сарыарқа” бетін ұйымдастырып, өзекті мәселелерді көтеріп келеді.
Қызғалдақ АЙТЖАНОВА
«Орталық Қазақстан»