Республикалық маңызы бар тасжолдарда қозғалыс шектелді
Қарағанды облысында қарлы боранның күшеюіне байланысты республикалық маңызы бар екі автожолда автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Алдымен Қызылорда-Павлодар тасжолында (967-1135 км), Молодежный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі, содан кейін Алматы-Екатеринбург автожолында (1446-1457 км) — Теміртаудан Қарағандыға дейінгі учаскелер жабылды.
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жол патрульдік полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Шектеу туралы хабардар етілгеннен кейін Республикалық маңызы бар жабық трассаға шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.
Айыппұл 30 АЕК (103500 теңге) немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Бір жыл ішінде қайтадан тәртіп бұзылған жағдайда жүргізуші 15-тен 20 тәулікке дейін қамауға алынады.