Медицина

Республикадағы тұңғыш әйелдер полиция учаскесі

Отбасына көмек көрсетудің бірыңғай орталығында әйелдер полиция учаскесі ашылды. Жоба биылғы қазан айында қолға алынды және өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерді қолдауға арналған.

Сурет: ашық дереккөз

Тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресудің жаңа әдістерін енгізу кезінде халықаралық тәжірибе ескерілді. Әйелдер полиция бөлімшесінің құрамына тергеуші, ювеналды және көші-қон полициясының инспекторлары, есірткі қылмысына қарсы күрес жөніндегі жедел уәкіл, пробация қызметінің өкілі және басқалары кіреді. Бір ерекшілігі – қызметкерлердің барлығы әйелдер. Осылайша, қарым-қатынасты мүмкіндігінше сенімді етуге тырыспақ.

Орталық барлық қажетті заттармен жабдықталған. Қызметкерлер жедел ақпаратқа қол жеткізуі үшін құқық қорғау органдарының ведомстволық базаларына қосылған.

Әлеуметтік блокта инклюзия, қорғаншылық және қамқоршылық мамандары жұмыс істейді. Келушілер психологтың көмегін ала алады. Тіпті, қаржылық кеңесші бар, ол отбасылық бюджетті дұрыс бөлу туралы және интернет-алаяқтардың айла-амалдарына қалай түспеу керектігін айтады.

Орталық азаматтық қоғамның, жергілікті атқарушы органдар мен полицияның үздіксіз өзара іс-қимылының көпіріне айналуы тиіс. Түпкі мақсат – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды азайту.

Жансая ОМАРБЕК,
Ortalyq.kz 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button