Республика күні – тарихи маңызы бар мереке

Бұл күн тарихи маңызға ие, тағылымы зор мереке. Бұл мереке біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білемін.

Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Еліміздің мәртебесін биіктетіп, әлемге шарықтай беруіне адал еңбек етіп, халқымыздың дәулетін, жеріміздің сәулетін арттыру жолындағы игілікті істеріңіз табысты болсын!

Еліміздің көк аспандай тұнық Байрағы асқақтай желбіреп, келешегі көркейе берсін!

Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні әр отбасыға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін.

Еліміздің мерейін асқақтатқан Ұлттық мерекеміз – Республика күні құтты болсын!

Бауыржан БАРЫШЕВ,
Ұлттық ұлан 6505 әскери бөлімінің командирі, полковник.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.