Жаңалықтар

Республика күні – ел еркіндігін нық сеніммен таңдаған тарихи сәттің айғағы

Республика күні – халқымыздың тағдырын өз қолына алып, ел еркіндігін нық сеніммен таңдаған тарихи сәттің айғағы. Республика құру – еркін ел болуға ұмтылған халқымыздың асқақ арманы мен азаттық жолындағы жігерлі қадамының нәтижесі.

Сурет автордан

Республика күні – бұл жай ғана мереке емес, бұл – ұлттық сананың жаңғыру күні, елдігімізді айшықтайтын мәртебелі мереке. Тәуелсіздікке бастау болған осы
күн қазақ халқының тарихындағы жаңа дәуірдің парағын ашты. Біз өткенге тағзым ете отырып, бүгінгі
бейбіт өмірдің, жарқын болашақтың мән-мағынасын терең сезінуіміз керек. Бірлігі жарасқан елдің ғана болашағы баянды болмақ.
Бүгінгі таңда Қазақстан – бейбітшілікті ту еткен, рухани құндылықтарды дәріптеген, дамудың даңғыл жолына түскен мемлекет. Мұның барлығы – ел бірлігінің, халықтың ерен еңбегі мен болашаққа деген сенімінің арқасы. Республика күні – әр азаматтың жүрегінде отаншылдық рухты оятатын, елге деген махаббат пен жауапкершілік сезімін күшейтетін қасиетті күн. Осы мереке баршамызды ортақ мақсатқа жұмылдырып, бірлігімізді бекемдей түссін!

Қадиша ОСПАНОВА,
облыстық мәслихаттың
әлеуметтік-мәдени даму және
халықты әлеуметтік қорғау
жөніндегі тұрақты комиссиясының
төрағасы,
депутат

Басқа материалдар

Back to top button