Бас тақырып

Республика көлемінде автокөлікпен көмір экспорттауға рұқсат жоқ

Аймақтағы құзырлы орындардың хабарлауынша, Қарағанды облысына көмір 1 шахта 8 разрезден келеді. Облыста көмір саудалайтын 52 орын бар. Жергілікті билік көмір жеткілікті екенін атап отыр. Дегенмен, күзде қапы қалмас халыққа ертерек қамдануды да ұсынады.

 

 

Қазақстан бойынша былтыр, 2022 жылы 113,9 млн тонна көмір өндірілді. Биыл алты айдағы көмір көлемі – 54,6 млн.тонна. Еліміз бойынша халық 9,3 млн.тонна көмір тұтынса, бүгінде 3,3 млн. тоннасы жеткізілді.

 

– Қарағанды облысындағы сұраныс – 1 млн.100 мың тонна. Көмірді негізгі жеткізуші – «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Жалын» разрездері. Минстрлік тарапынан жүйелі шаралар қабылданды. Республика көлемінде автокөлікпен көмір экспорттауға рұқсат жоқ. Қазіргі таңда көмірді тек экспортқа көмір өндірушілер ғана шығара алады. Бұл орайда Үкіметтің қаулысы әзірленуде. Ондағы мақсат – делдалдарды жою, – деді  Инудстрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің төрағасы Азамат Панбаев.

Қызғалдақ АЙТЖАН,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button