АймақЖаңалықтар
Республика даңғылы бойындағы саябақ жаңартылады
Қарағанды қаласының мәдениет, демалыс саябақтары мен гүлзарлары басқармасының мәліметінше Республика даңғылындағы саябаққа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Саябақта жарықтандыру жұмыстарымен қатар шамдардың кабельдері ауыстырылады. Сонымен қатар алаңның арғы бетіндегі «Степной» шағын ауданындағы үш субұрқақ жөнделеді.
– Жарықтандыру жұмыстары жүреді. Сондай-ақ, гүлзарлардағы жиек тастарды ауыстыру және “Степной” саябағындағы үш субұрқақты жөндеу жоспарланып отыр. Биылғы маусымда бұл аймақтарға жөндеу жұмыстарына байланысты гүл отырғызылмайды,- деді басқарманың баспасөз қызметі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.