Жаңалықтар

Respublica партиясы жаңа Конституцияны қолдады

Астанада Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы өтіп, жаңа Конституция жобасы талқыланды. Жиынға партия басшылығы, депутаттар, жастар және әйелдер қанаты қатысты. Кездесуде партия жаңа Конституцияны қолдайтынын мәлімдеді. 

Суреттер партиядан

Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Нұрлан Әубәкіров Конституцияда ғылым мен инновацияны бекіту жоғары технологиялы экономикаға жол ашатынын айтты. Оның сөзінше, Қарағанды өңіріндегі бизнес пен азаматтық қоғам реформаны қолдайды.

Жиын қорытындысында партия жаңа Негізгі заңды әділетті мемлекет пен тұрақты экономиканың негізі деп бағалап, жалпыұлттық талқылауға белсенді қатысатынын жеткізді.

Қазіргі конституциялық реформа азаматтар мен саяси партиялардың ұсыныстары негізінде дайындалып, елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button