Ресми: Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды
Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болып тұрған Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) мен WBA чемпионы Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) арасындағы жылдың басты жекпе-жегі өтуі керек еді. Жәнібек Әлімханұлынан VADA қауымдастығы қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратының табылуына байланысты жекпе-жек өтпейтін болды.

– 6 желтоқсанға жоспарланған айқасқа үш күн қалғанда, Жәнібек Әлімханұлының тестінен мельдоний анықталғаны белгілі болды. Жәнібектің ең маңызды жекпе-жегі тоқтатылды, – делінген ҚР Бокс федерациясының ресми ақпаратында.
Бұл ақпаратты алғаш болып The Ring журналисі Майк Коппингер жазды. Дәл сол сәтте мәселенің қаншалықты күрделі екені белгісіз еді. Бірақ 20 минут өтпей жатып ESPN тілшісі Дэн Рафаэль жағдайдың өте ауыр екенін растады.
Ол VADA ұйымының ресми хатын жариялап, онда Жәнібектің тыйым салынған затқа «екінші үлгіде» (қайта тапсырған тестте) оң нәтиже көрсеткені айтылады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



