Жаңалықтар

Ресейлік азамат қарағандылық полицейлерге апат кезінде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтып, хат жолдады

4 қараша күні таңертең Абай ауданының Топар полиция бөліміне «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 967-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түседі. Оқиға орнына жіберілген учаскелік полиция инспекторы Руслан Ілиясов апатқа ұшыраған көліктің иесі Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтайды.

Сурет: полиция департаментінен

Ол жеке көлігімен туысымен бірге Бішкектен Екатеринбургке бара жатқан. Кешке қарай Қарағандыға таяп қалғанда, жүргізуші ауа-райының күрт нашарлауын байланысты тізгінге ие бола алмай, жолдан ұшып кеткен. Ер адамның өзі жеңіл жарақат алып, жанындағы туысы жедел жәрдем шақырған…


Учаскелік полиция қызметкері қиын жағдайға тап болған ресейліктерге эвакуатор шақырып, оған зақымданған көлікті тиеуге көмектеседі. Сондай-ақ жолаушыларға көліктерін жылдам әрі сапалы жөндеуге болатын техникалық қызмет көрсету орталығын тауып береді…

Арада біраз уақыт өткеннен кейін Қарағанды ​​облысы ішкі істер департаментінің бастығы Санжар Әділовке Түмен облысында тұратын Ресей азаматы Александр Орловтан хат келген.

– Жол апаты салдарынан туындаған мәселені шешуге көмектескен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. Олар адамгершілік, қамқорлық пен кәсіби біліктілік танытты. Жол полициясы қызметкерлері мен аумақтық полиция бөлімшелерінің шұғыл түрде жүргізген шаралары зардаптың ауырлығын барынша азайтуға мүмкіндік берді. Әсіресе, Абай ауданы, Топар полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Руслан Ілиясовтың кәсіби шеберлігін, адамгершілігін атап өтер едік. Қиын сәтте осындай өз кәсібіне адал азаматтарды кездестіргенімізге қуаныштымыз», – делінген жолданған хатта.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button