Бас тақырыпЖаңалықтар

Ресейден әкелінген жарты тонна қызанақтан қауіпті вирус табылды

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жазды, деп хабарлайды ortalyq.kz.

Сурет: bangkokbook.ru

Белгілі болғандай, Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық инспекциясының Орал аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен межелі орнында екінші қайтара тексеріс жүргізу барысында, Ресей Федерациясынан келген 0,5 тонна қызанақ өнімінен карантиндік нысан – қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (ToBRFV) анықталған.

– Жоғарыда аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, тәртібімен сотқа жолданды. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 400-бабы 2-бөлігінің 1 тармағына сәйкес сотпен айыппұл салынды.Сақтауда тұрған карантиндік қызанақ өнімі сот қаулысына сәйкес жоюға жатады,- деп жазылған хабарламада.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button