Руханият
Репертуар жаңа қойылыммен толықты
Қарағанды облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрының репертуарына жаңа спектакль қосылды. Драматург Еркін Жуасбектің «Үйлену» музыкалық комедиясын арқа көрермендеріне арнап режиссер Нұрлан Жұманиязов сахналады. Қойылымдағы Керек пен Дерекгүлдің ұлы Бөлек шынында мына қоғамдағы адамдардан бөлек. Ата аманатын арқалап, сол арқылы әке-шешесіне ой салған жас жігіттің тосын таңдауы көрерменнің де көңіліне ізгілік нұрын себеді.
Бұған дейін еліміздің бірнеше театрында қойылып көрермен көңілінен шыққан мюзикл орталықтағы театр сүйер қауымға да ұнайды деп сенеміз!
Премьера жайлы мақаланы «Ortalyq Qazaqstan» газетінің бейсенбілік санынан оқи аласыздар.