Ресми

Рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

ERG құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ кеншілері рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Олар қазан айында ауысымына 472 вагон көмір жөнелтті. Бұл жоғары нәтижелер бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысының жемісі» деп хабарлады «Шұбаркөл көмір» АҚ баспасөз қызметі.

Сурет «Шұбаркөл көмір» АҚ баспасөз қызметінен

«Шұбаркөл көмір» АҚ – Қазақстан халқының коммуналдық-тұрмыстық көмірге деген қажеттілігінің 30%-ын қамтамасыз ететін энергетикалық көмір өндірудегі көшбасшылардың бірі. Қазіргі таңда кәсіпорынның өнімдеріне ерекше сұраныс бар. Көмір өндірудің айлық рекордтық көрсеткішінде жүк тиеушілер бригадасының еңбегі зор.

– Көмірді жөнелту көлемі көптеген факторларға, соның ішінде, автосамосвалдарды беру қызметін үйлестіретін диспетчерлердің еңбегіне байланысты, – деді жүк тиеу машинисі Ғалым Төлебаев. Ол ауысым барысында 180-190 вагонға жүк тиейді. – Біздің табысымыздың формуласы – біздің командамыз. Бізде ұжым ұйымшыл. Әрқашан әріптестеріме сенім арта аламын. Әрдайым жетістіктерге бірге қуанып, бірге ортақтасамыз.

Баспасөз қызметінің мәлімдеу­інше, «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның жоғары өндірістік көрсеткіштері – техника паркін үнемі жаңартуға тікелей байланысты. Тек соңғы бес жылда инвестициялық бағдарлама аясында 44 түрлі тау-кен көлік жабдықтары сатып алынған екен. Дегенмен, «Шұбаркөл көмір» АҚ бас директоры Сергей Ким компания табысының басты тірегі – оның білікті ұжымы деп ерекше атайды.

– «Шұбаркөл көмір» АҚ – қарқынды дамып келе жатқан компания. Біз алға қойған міндеттерді орындап қана қоймай, жаңа рекордтар орнаттық, – деді Сергей Ким. – Біз Шұбаркөл командасының кәсібилігі мен бірлігінің арқасында жетістіктерге жетеміз. Сондай-ақ, бізді «ТрансКом» және «Қазақстан теміржолы» АҚ қолдап, вагондардың уақытылы берілуін қамтамасыз етеді.

«Көмір өндіру саласы көшбасшыларының бірі «Шұбаркөл көмір» АҚ жоспарлы міндеттерді орындай отырып, жаңа белестерді бағындыруға ұмтылады. Биыл кеншілер өткен жылғы көрсеткіштерден асырып, 14,4 млн тонна көмір өндіруді жоспарлап отыр», – деді компания баспасөз қызметі.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button