Бас тақырып

Референдумның түпкілікті қорытындысы шықты

Бүгін Орталық референдум комиссиясы 15 наурызда өткен жаңа Конституция жобасына қатысты референдумның түпкілікті қорытындысын шығарды. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жалпы саны – 12 482 613;
Дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12%;
Референдумға шығарылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 7 954 667 немесе дауыс беруге қатысқандардың 87,15%-ы;
Референдумға шығарылған мәселенің теріс шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны – 898 099;
Жарамсыз деп танылған бюллетеньдердің саны – 146 558.

– Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша шешім егер оны жақтап облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кемінде 2/3 дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Бұл ретте әр өңірде осы шешімді жақтап, азаматтардың басым көпшілігі дауыс берді. Осылайша, «Республикалық референдум туралы» заңнамадағы елдің 20 өңірінің 2/3-де дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамының оң шешімді жақтап дауыс беруі туралы талап сақталды. Сондықтан жаңа Конституция қабылданды деп танылады, – деп мәлімдеді Нұрлан Әбдіров.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button