Бас тақырыпЖаңалықтар
Референдумның маңызын талқылады
«АЭС – энергия көзін алу үшін ең қауіпсіз әдіс» дейді мамандар. Еліміздегі энергия тапшылығын жойып, өнеркәсіп пен экономиканың дамуына тың серпін беру үшін атом электр стансасын салуға қатысты жалпыұлттық референдум өтетіні белгілі.

Осыған орай Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасарлары Серік Амралин мен Дархан Мұқатай Ақтоғай Аграрлық техникалық колледжі ұжымымен кездесіп, АЭС салу жөніндегі өткізілетін референдумның мән-маңызына тоқталды.

Елімізде АЭС салу не үшін қажет деген күн тәртібінде тұрған өзекті сұрақтарға жауап беріп,тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.