АймақБас тақырып

Референдумнан естелік

Қарағанды облысы аумағындағы барлық рефрендум учаскелерінде ел болашағы үшін дауыс беруге келген азаматтарға барлық қолайлы жағдай жасалған. Ұлттық әуен мен күй күмбірі сайлаушыларға ерекше рух сыйлайды. Қолөнер көрмелері мен сауда-саттық та бүгінгі референдумның тек саяси науқан емес, халықтық мереке екенін айшықтап тұрғандай.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Мәселен, №17 референдум учаскескесіне келген дауыс берушілердің назары қазақы нақыштағы сәндік бұйымдарға түсті. Өз таңдауын жасау үшін учаскеге келген аналар қауымы білезіктер мен моншақтарды, жүзіктерді референдумнан естілік ретінде сатып алып жатыр.

Бұл бұйымдарды Рауза Өтебекова есімді зейнеткер жасаған. Өзі де ою-өрнекпен айшықталған комзолымен жұрттың көзайымы болды.

– Зейнеткер болсам да, үйде бос жатпаймын. Бұйымдарды жасауға арналған құралдардың бәрі бар. Бұған табыс көзі ретінде қарамаймын. Бар болғаны өнеріммен өзгеге қуаныш сыйлағым келеді. Дауыс беруге келгендер өнерімді бағалап жатыр. Біреулері сыйлаққа деп, енді біреуі өзіне сатып алды. Жалпы, халықтың көңіл-күйі керемет екені сезіледі, – деді Рауза Өтегенова.

Ерік НАРЫН
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button