Бас тақырыпЖаңалықтар

Референдум: заңнаманы бұзған 4 адам жауапқа тартылды

Республикалық референдум туралы заңнаманы бұзғаны үшін 4 адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды ortalyq.kz BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасап.

Сурет: gov.kz

Алматы қаласының прокуратурасы жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай атом электр станциясының құрылысы бойынша қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу фактілерін анықтады.

Нәтижесінде 4 құқық бұзушы әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл арқалады.

Қала прокуратурасы қоғамдық пiкiрге сауалнама жүргiзу тәртiбi «Республикалық референдум туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарымен реттелетінiн түсiндiредi.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button