Жаңалықтар

«Референдум, әуелі, келешек жастар үшін керек»

Қарағандыдағы №61 референдум учаскесінде дауыс беру уақытында басталды. Мұнда 2396 тұрғын бекітілген. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 108 тұрғын дауыс берді.

— Сағат 07:00-ден бастап учаскелік комиссия жұмысын бастады. 06:55-те Әнұран шырқалып, қала тұрғындарын қабылдай бастадық. Алғашқы болып қала тұрғыны Рафик ата мен Әмина әже келіп дауыс берді. Дауыс берушілердің басым бөлігі, әзірге, зейнеткерлер, — деді төраға Әсем Алпысбаева.
Зейнеткер Қалдыбай Әбдірахманұлы Нұра ауданынан көшіп келгеніне аттай 25 жылдың жүзі болыпты. Референдумда таңмен таласып дауыс беруге келген.
– Біздің таңдауымыз маңызды роль атқарады. Мемлекет басшысы осыны ескере отырып, халыққа үлкен мүмкіндік берді. Бұл — үлкен оқиға. Сондықтан, бәрі қалыс қалмай дауыс беруіміз қажет. Мен де өз таңдауымды жасадым, — деді зейнеткер.
Ал, қала тұрғыны Райкен Төкенқызы: «Біз зейнет жасындамыз. Референдум, әуелі, келешек жастар үшін керек. Себебі, болашақ — жастардікі. Ұл-қызымыз үшін дауыс беруге келдім. Ұл-қызым бақытты күн кешу үшін біз дұрыс таңдау жасау қажетпіз. Ата Заңға енгізілетін өзгерістермен таныспын», — деді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button