Жаңалықтар

Референдум – реформа бастауы

Облыстық мәслихатта Парламент Мәжілісінің депутаттарының қатысуымен референдумның маңызы талқыланды.

Қарағанды облыстық мәслихатында Парламент Мәжілісінің депутаттары – Г.Бижанова, А.Қожахметов, А.Әлтай, Ю.Жулин, Т.Адамбеков Қарағанды облысының «AMANAT» партиясы фракциясының депутаттарымен, қалалық және облыстық қоғамдық кеңестердің мүшелерімен кездесті.

Талқылаудың басты тақырыбы 5 маусымда өтетін конституциялық реформа бойынша референдумның маңызы туралы болды.

Мәжіліс депутаттары Президент реформалары елдің дамуына оң ықпал ететініне сенім білдірді. Суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламент пен оның Палаталарының рөлі мен мәртебесін арттыру, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тетігін күшейту мәселелеріне қатысты пікірлерін ортаға салды.

Өзгерістер әрбір азаматқа қатысты. Сондықтан, әркімнің референдумға қатысып, Жаңа Қазақстанды қалыптастыруға үлес қосуы маңызды. Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Бижано- ва айтып өткендей, алдағы өзгерістер қоғамның сұраныстары мен ұсыныстарынан бастау алып отыр.

Кездесу барысында партиялықтар референдумға шығарылатын түзетулерді егжей-тегжейлі талқылады. Сонымен қатар, олар тұрғындармен кездесуді жалғастырып, оларға референдумға қатысудың маңыздылығын түсіндіретіндерін атап өтті. Қорытындылай келе, облыстық мәслихат хатшысы, «AMANAT» партиясынан депутат Серік Өтешов болашақ референдум – президенттік саяси реформалар бағдарламасын іске асырудың басты кезеңі екенін атап өтті. Сайып келгенде, мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының неғұрлым тиімді моделі жасалатын болады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button