Референдум – қоғамдық пікірді ескерудің жоғары деңгейдегі тиімді тетігі
Баршаңызға белгілі, елімізде Жаңа Конституция жобасына қатысты реформа жүріп жатыр. Мен бұл бастаманы толық қолдаймын. Қаламыздың Қоғамдық кеңесі де аталған өзгерістерді қолдайтынын білдірді.

Біз мұны жаңа кезеңнің, жаңа дәуірдің бастауы деп қабылдаймыз. Конституция жобасын мұқият зерделеу барысында мені екі бап ерекше қызықтырды. Атап айтқанда, 70-баптағы жаңа институт – Қазақстанның Халық кеңесін құру туралы норма. Қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде бұл бастаманы өте маңызды әрі уақыт талабына сай шешім деп бағалаймын. Неліктен? Себебі, аталған кеңес этномәдени бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен, мәслихат депутаттарынан жасақталмақ. Яғни, оның құрамына Қазақстан халқының түрлі әлеуметтік топтары еніп, елдің ішкі саясатына қатысты мәселелерді талқылауға қатысады. Қажет болған жағдайда референдум өткізу жөнінде де ұсынымдар беруге мүмкіндік алады. Меніңше, бұл – қоғамдық пікірді ескерудің жоғары деңгейдегі тиімді тетігі. Бүгінгі іс-шараға тоқталсам, қаламыздың ішкі саясаты аясында жастарға арналған осындай мазмұнды кездесулердің ұйымдастырылуы – құптарлық іс. Осыған қарап ел болашағына бейжай қарамайтын буынның бар екенін көрсететін жақсы белгі.
Равиль САДЫҚОВ
Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты


