Референдум: Нәтижелер 21 наурызға дейін жарияланады
Орталық референдум комиссиясы www.election.gov.kz/kaz/ референдум бойынша түсіндірме берді.

Негізгі ақпарат:
• Референдум 15 наурызда өтеді.
• Дауыс беру уақыты: 7:00–20:00.
• Барлығы 9 799 учаске, оның ішінде 632 учаске әскери бөлімдерде, емдеу мекемелерінде, тергеу изоляторларында және шетелдегі өкілдіктер жанында жұмыс істейді.
Дауыс санау:
• Дауыстарды санау 20:00-де басталады.
• Егер учаскеде дауыс беру ерте аяқталса, санау сол сәттен басталады.
Қатысу тәртібі:
• Әр азамат жеке өзі дауыс береді.
• Есептен шығару куәлігі 27 ақпаннан 14 наурыз 18:00-ге дейін беріледі.
• Бір елді мекен ішінде басқа учаскеге мұндай куәлік берілмейді.
Өту шарты:
• Азаматтардың 50%-дан астамы қатысса, референдум өтті деп танылады.
• Шешім қатысушылардың жартысынан көбі қолдаса қабылданады.
Қорытынды:
• Ресми нәтижелер 21 наурызға дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz



