Ресми

Референдум – мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайтын маңызды қадам

Алдымызда ел болашағына әсер ететін жауапты кезең тұр. Жуырда өтетін республикалық референдум – мемлекет дамуының жаңа бағытын айқындайтын маңызды қадам. Бұл – әр азаматтың пікірін білдіріп, ел тағдырына өз үлесін қосатын мүмкіндігі.

Сурет автордың жеке мұрағатынан

Конституциялық өзгерістер қоғамның сұранысына сай жаңаруды, әділеттілік пен ашықтықты нығайтуды көздейді. Азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған бастамалар – ел ертеңіне жасалған инвестиция.
Референдумға қатысу – саналы таңдау мен азаматтық жауапкершіліктің белгісі. Әр дауыс – мемлекетіміздің тұрақты әрі кемел болашағына қосылған үлес.

Руслан СЫЗДЫҚОВ
Балқаш қаласы әкімінің орынбасары

Басқа материалдар

Back to top button