Жаңалықтар

Референдум кеңінен талқыланды

Бүгін Қарағанды университетінде Республика бойынша өтетін референдумға байланысты отырыс өтті.

Отырыс барысында университеттің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушылары К.Ильясов пен С.Исабекова Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға байланысты мәселелерді кеңінен түсіндірді. Оның ішінде Парламенттің рөлін арттыру, Үкіметтің Парламентке есеп беруі, халықтың сайлау құқын жетілдіру, партиялық тізіммен қатар мажоритарлық жүйенің енгізілуі, Президенттің саяси партиялардың бәріне ортақ болуы үшін бір партияның мүшесі болудан бас тартуы сияқты өзгерістер туралы айтылды. Заң және экономика факультетінің студенттері өздерінің пікірлерін білдіріп, референдумның елдегі қоғамдық-саяси жағдайға оң әсер етеді деген қорытындыға келді.

Басқа материалдар

Back to top button