Ресми

Референдум – ел болашағын айқындайтын тарихи мүмкіндік

Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықты ту еткен мемлекет. Бүгінде азаматтарымыз шетелге еркін барып, білім алып, тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алып отыр. Бұл – мемлекет жүргізіп отырған ашық саясат пен халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесі.

Сурет Ақорда

Президент атап өткендей, Қазақстанның бейбітшіл ұстанымы мен әлем алдындағы беделі азаматтарымызға көптеген мүмкіндіктер ашып отыр.

– Біз – бейбіт елміз. Қазақстанның көк түсті төлқұжатын жаһан жұртшылығы жақсы біледі және құрметтейді. Әлемнің әр түкпірінде азаматтарымызды жылы қабақпен, ерекше ілтипатпен қарсы алады. Бүгінде 90 мыңнан астам жастарымыз шетелде кедергісіз білім алуда. Біз әр адамға зор мүмкіндік беретін елде өмір сүріп жатырмыз. Жақында өтетін референдум – сондай керемет мүмкіндіктің бірегейі. 15 наурызда әр азаматымыз Қазақ елінің жасампаздық жылнамасына өз қолтаңбасын қалдыра алады. Бұл – нағыз тарихи сәт. Мұндай сәт үнемі бола бермейді, – деді Мемлекет басшысы.

Сондықтан алдағы референдум – Қазақстан қоғамы үшін айрықша маңызға ие оқиға. Бұл күн – әрбір азамат үшін жауапты таңдау жасайтын сәт. Өйткені елдің болашағы, мемлекет дамуының жаңа бағыты халықтың белсенділігі мен азаматтық ұстанымына тікелей байланысты.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button