Ресми
Референдум барысында заң талаптары толық сақталады
Қарағанды облысы прокурорының бірінші орынбасары Ержан Бердібековтің айтуынша, референдум барысындағы заң талаптары толық сақталады.

– Барлық учаскелер компьютерлік техникамен, қажетті жиһазбен және тұрақты интернет байланысымен қамтамасыз етілген. Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың қатысуына да барынша жағдай жасалған. Біздің негізгі міндетіміз – референдум өткізу кезінде заңдылықтың бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету. Аймақтық референдум комиссиясымен, құқық қорғау органдарымен және жергілікті атқарушы құрылымдармен тұрақты өзара іс-қимыл орнатылған. Қазіргі таңда референдумға қатысты прокуратура органдарына ресми арыз-шағымдар түспеді, – деді Ержан Сәкенұлы.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



