РЕДАКЦИЯДАН
Қымбатты «Балбөбек»-тің оқырмандары! Назарларыңызға сіздерге күнделікті сабақ барысында кездесетін логикалық әрі қызықты сұрақтарды ұсынамыз. Дұрыс мағынасын тауып, бізге хат арқылы жолдаған оқушылардың жауаптарын «Балбөбектің» келесі санында жариялайтын боламыз.
РЕДАКЦИЯДАН.
1. «Арқада алты ай қыс, алты ай жаз» дегенді қалай түсінесіңдер? Ол қай айлар?
2. Қарағандыда термометр аяз болғасын үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетуі мүмкін?
3. Тарихи әңгімелерде кездесетін мағлұматтар бойынша патшалар ешқашан тәжін шешпейді. Олар тек бір адамның алдында тәжін шешеді екен. Ол кім?
4. Қойшының он қойы бар болатын. Тоғызынан басқасының бәрі қырылып қалды. Қойшыда қой қалды ма?
5. Биология пәнінде дүние жүзіндегі теңіздер туралы қызықты мәліметтер көп. Ғалымдар теңіз суларының тұзды екенін айтады және кейбір деректерде оның пайдалы тұстарын атап өтеді. Олай болса теңіздің суы неге тұзды? Пайдасы неде?