Құрбандарды еске алды
Саяси қуған-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу шарасы Қарқаралы қаласындағы Мәди Бәпиұлы ескерткішінің алдында өтті. Ел жазықсыз жазаланған жайсаңдарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Аудан әкімі Халел Мақсұтов қасіретті жылдар құрбандарын еске ала отырып, қаралы естеліктің жүректерге жара салып кеткендігін айтты.
Қазақстанда салынған еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихына аудандық архив басшысы Манарбек Кәрім шолу жасады. Ақтерек ауылындағы мектеп директоры Света Әбенова, Байтұрсыновтың қызмет жасаған мектебі мемлекет қамқорлығына алынып, қайта өңдеуден өткендігін де тілге тиек етті. Саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болған Іңкәрбек Байжұмановтың қызы Рымкүл апай алдағы уақытта жазықсыз жапа шеккендерге арнап ескерткіш қойылса деген тілегін жеткізді.
Құнанбай қажы мешітінің бас имамы Асқар Қуатбеков құрбандардың рухына құран бағыштады.
Сағыныш ӘБІЛОВА
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.