Бүгін Теміртау қаласындағы “Үш аққу” мемориалдық кешенінде Саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алынып, олардың рухына құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары қойылды.

Бұл шараға Теміртау қаласы әкімінің орынбасары Самат Зияшев, қалалық мәслихаттың төрағасы Алексей Ломакин, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлмира Олжабаева бастаған депутаттар, жастар, қалалық ақсақалдар алқасы мен аналар кеңесінің мүшелері қатысты.
Ержан ИМАШ,
ТЕМІРТАУ