Расул Рысмамбетов: Экономика тек инерциямен емес, кең ауқымда өсіп келеді
Қаржыгер Расул Рысмамбетов Қазақстанның Ұлттық статистика бюросының 2025 жылдың қаңтар-қазан айларындағы ЖІӨ өсімі туралы мәліметтеріне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жарияланған сандар елдің тек инерциямен емес, іргелі деңгейде ілгерілеп келе жатқанын көрсетеді.

– Қысқаша айтқанда, біз алға жылжып келеміз. Инерциямен емес, іргелі, кең ауқымды фронтпен. Қиындықтар мен жұқа реттеулер көп, бірақ 10 айда өсім бар, – деді қаржыгер.
Ол қазіргі экономика қалыпты, әртараптандырылған даму кезеңінде екенін баса айтты.
– Инфляция бар, соған байланысты тарифтер мен бағаларды ырықтандыруға 2026 жылдың екінші тоқсанына дейін буферлік тоқтату (заморозка) қойылды. Кемшіліктер мен кедір-бұдырлар бар, алайда өсім бар. Экономика нығайып, өсіп келеді, бірақ әлі де оңтайлы конфигурацияны іздеуде. Бұл динамикалық процесс, ол әлі де инфляциялық секірістермен және жаңа Салық кодексінің енгізілуімен жалғасады, – дейді ол.
ҰСБ деректері бойынша, Қазақстанның ЖІӨ 6,4% өсті. Әсіресе, құрылыс саласындағы өсім өткен жылмен салыстырғанда 115,1% болып, ерекше байқалады.
Сауда да оң динамиканы көрсетіп, индекс деңгейі 109% құрады.
– Көтерме саудагерлер жылдамдатылған режимге ауысқан сияқты: мұнай, астық, фармацевтика, қара металл, компьютерлік жабдықтар – бәрі қозғалыста, маржалар тірі. Әсіресе Павлодар мен Атырау ерекше көзге түсті. Жақында ҰСБ инфляциялық процестерді шынайы түсіну үшін электрондық шот-фактуралар мен тауарлық чектерді белсендірек қолданатын болады. Сондықтан уақыт өте келе инфляция мен импорт алмастыруға қатысты нақты тәсіл (точечный подход) қалыптасады, – деп қосты ол.
Оның айтуынша, ауыл шаруашылығында өсім жақсы, бірақ егіннің сақталуына көбірек көңіл бөлу маңызды.
– Бір қазақстандық компания швейцариялық технологияны – астықты алып брезент құбырларда сақтауды, яғни қысқа мерзімді элеваторларды қолданысқа енгізді. Астық “жанбайды”, тасымалдауға дейін сақталады. Ауыл шаруашылығында әрине, енді тек астыққа үміт артуға болмайды. Етті экспорттауға қатысты соңғы шектеулер фермерлердің еркін әрекет етуіне мүмкіндік бермейді, өйткені ішкі нарық бағаны ұстап тұруына байланысты кірісі аз. Бірақ келесі жылы мал азығына және мал шаруашылығына деген қызығушылық артады деген үміт бар, себебі инвестициялауға мүмкіндік туады, – деді қаржыгер.
Өнеркәсіп тұрақты 107,3% көрсетіп тұр.
– Өңдеуші өнеркәсіп сәл баяулады, бірақ бұл да жақсы жаңалық. Мұны мойындау керек: өнеркәсіп тез өспейді. Іске қосылып жатқан нақты жобалар бар. Алайда, бұл көбінесе шуды ұнатпайтын және қымбат жабдықты қаламайтын жеке бизнес. Тіпті жеке сектор үшін 2-5 миллион доллар көлеміндегі ірі салым – технологиялық процестерді жаңарту тұрғысынан өте керемет болғанымен – статистикада кішкентай болып көрінеді. Бұл экономиканың құрылымын біртіндеп өзгертетін өте маңызды өзгерістер, – деп түсіндірді Рысмамбетов.
Қаржыгер Президенттің өсу сапасы туралы айтқан сөздері қазіргі экономикалық процестердің логикасын дәл көрсететінін атап өтті.
Президенттің өзі өсудің көлемінен гөрі оның сапасы маңыздырақ екенін айтты. Көлем мен өсу жылдамдығынан біртіндеп аулақ болу керек. Тұрақтылық пен сапа маңыздырақ. Менің ойымша, 2025 жылдың қорытындысын шығарғанда Үкімет те көлемге емес, мемлекеттің жеке бизнеске барлық инвестициялық бастамаларды қалдырып, инфрақұрылымды қамтамасыз етуге тырысып жатқанына басымдық беруі керек, – деп сөзін қорытындылады Расул Рысмамбетов.



