АймақБас тақырыпҚарағанды

Рамазан айында қоғамдық тамақтану орындарына талап күшейеді

Биыл қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады. Осы кезеңде ауызашар дастархандары мен жаппай жиындардың көбеюіне байланысты тамақтан улану мен жұқпалы ішек ауруларының алдын алу өзекті бола түседі. Осыған орай, Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұрғындар мен бизнес өкілдеріне санитариялық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырып, арнайы ұсынымдар жариялады.

Суретті түсірген Жангелді Әбдіғалым

Соңғы жылдары ауызашарлар кафелер, мейрамханалар немесе арнайы жабдықталған бұқаралық тамақтану орындары сияқты қоғамдық орындарда ұйымдастырыла бастады, осылайша адамдар іс-шараға үйден тыс жерде де бара алады. Кейбір мекемелер түнгі жұмыс режиміне ауысты, таңертеңгі сағат 03:00-04:00-ге дейін ашық болады, сондықтан оларда арнайы ас мәзірлері ұсынылады.

Кешкі уақытта “ауылашар” өткізу кезінде халықтың жаппай жиналуына байланысты тамақтан улану, тағамдық токсикоинфекциялар, жіті ішек инфекциялары, ботулизм және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті келесідей ұсынымдар береді:

ТҰРҒЫНДАРҒА:

– “ауызашар” дәстүрлі түрде құрма, кептірілген өрік және мейізден басталатындықтан, олар дұрыс сақталмаған жағдайда кептірілген жемістерде қауіпті зең саңырауқұлақтары болуы мүмкін. Қолданар алдында оларды мұқият жуып, кептіру керек. Табиғи кептірілген жемістерге артықшылық беру керек;

– үйде жеке гигиена ережелерін және ыстық және суық тағамдарды дайындау технологиясын, жарамдылық мерзімдерін және тамақ өнімдерін, әсіресе тез бұзылатын және шикі тағамдарды сақтау шарттарын, сондай-ақ дайын тағамды бөлек сақтау керек;

– шикі және дайын өнімдерді өңдеу үшін жеке пышақтар мен кесу тақталарын қолдану;

– көкөністер, жеміс-жидектерді ағынды су астында қолданар алдында мұқият жуыңыз;

– салаттар, ет тағамдарын аз мөлшерде дайындап, бір тәуліктен артық сақтамаңыз;

– тез бұзылатын тағамдар мен дайын салаттарды бөлме температурасында 2 сағаттан артық сақтамаңыз, себебі бұл бактериялар мен токсиндердің жиналуына әкелуі мүмкін;

– жаңа дайындалған тағамды алдыңғы күннің қалдықтарымен араластырмаңыз. Егер дайын тағам келесі күнге қалса, оны қолданар алдында термиялық өңдеуден өткізу керек (қайнатыңыз немесе қуырыңыз);

– тағамдарды, әсіресе ет, құс еті, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият қуырыңыз немесе қайнатыңыз;

– торттар, кремі бар торттарды тоңазытқышта сақтаңыз, олар тез бұзылатын өнімдерге жататынын ұмытпаңыз;

– ішуге фильтрден өткен немесе қайнатылған суды қолданыңыз;

– жарамдылық мерзімі өткен, анық емес немесе таңбаланбаған, рұқсат етілмеген сауда орындарында деформация және бомбажды белгілері бар тамақ өнімдерін сатып алудан аулақ болыңыз;

– егде жастағы адамдар, созылмалы аурулары бар адамдар, жүкті және бала емізетін әйелдер, балалар оразадан бас тартуы керек. Егер сіз ораза ұстауды шешсеңіз, денсаулығыңызға байланысты күрделі проблемаларды болдырмау үшін бірқатар ұсыныстарды орындау қажет: артық физикалық белсенділіктен аулақ болыңыз, дұрыс тамақтаныңыз, темекі шекпеңіз.

– Ораза кезінде жеткілікті қоректік заттар, тұздар және теңдестірілген тамақтану маңызды, тамақ қарапайым болуы керек және күнделікті тамақтанудан мүлдем өзгеше болмауы керек. Рамазан күндері ағзаны әлсіретпеу үшін барлық қажетті қоректік заттарды (ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, микро және макроэлементтер) алу маңызды. Сонымен қатар, тағам құрамында жемістер мен көкөністер, нан мен дәнді дақылдар, сүт және сүт өнімдері, балық және ет сияқты тағамдар болуы керек. 

– майлы және қуырылған тағамдардан бас тартқан дұрыс. Қуырылған тамақ түрлерін майлы балық, зәйтүн майы, ірімшік және тұздалмаған жаңғақтар сияқты пайдалы майлармен алмастырыңыз.

– қант пен май мөлшері жоғары кондитерлік өнімдерді тұтынбаңыз, оларды табиғи тәттілермен – кептірілген жемістер, пастила, балмен алмастырыңыз.

– ауызашарда құрма, судан бастаңыз, негізгі тағамды сорпа, салаттан бастауды ұсынамыз. Ауызашарда оңай қорытылатын тағам түрлеріне назар аудару керек.

Ауызашар мен сәресі арасында ағзадағы сұйықтықтың қалыпты деңгейін ұстап тұру үшін мүмкіндігінше көп су ішу керек.

Сәресін өткізіп алмаңыз, өйткені бұл кезде тамақтану уақыты күні бойы қандағы қанттың тепе-теңдігін сақтау үшін аса маңызды. Ұзақ уақыт бойы энергияны баяу шығаратын күрделі көмірсулардан тұратын тамақ түрлерін таңдаңыз (дәнді дақылдар: арпа, бидай, сұлы, бұршақ және т.б.), баяу қорытылатын талшыққа бай тағамдар (кебек, жарма, жасыл бұршақ және т. б.), сондай-ақ ақуызға бай тағамдар болғаны дұрыс.

Рамазан айында теңдестірілген тамақтану денсаулық пен әл-ауқатты сақтауға көмектеседі. Егер сізде созылмалы аурулар болса, денсаулығыңызға байланысты проблемаларды болдырмау және ораза кезінде дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету үшін дәрігермен кеңесуді ұсынамыз.

БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ

Азық-түлік өнімдерін өңдеу, қабылдау, сақтау, өткізу кезеңдерінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау қажет:

– Объектіні жарамды су бұрумен, суық және ыстық сумен қамтамасыз ету;

-тамақ өнімдерінің сақталуын, сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, бақылау-өлшеу аспаптары бар тоңазытқыш жабдығының жеткілікті мөлшерінің болуына, температуралық режимнің ерекше жағдайларын талап ететін тез бұзылатын тамақ өнімдерін сақтауға және өткізуге ерекше назар аудара отырып, тамақ өнімдерін сақтау мерзімдері мен шарттарын сақтау;

– азық-түлік өнімдерін қауіпсіздікті растайтын, олардың қадағалануын қамтамасыз ететін құжаттар болған кезде қатаң пайдалану;

– үйде (өнеркәсіптік емес) консервілеу өнімдерін (маринадталған саңырауқұлақтар, маринадталған қияр, қызанақ және т. б.), сондай-ақ герметикасы бұзылған, бомбажды, тот басқан, деформациясы бар консервілерді сатып алмау және пайдалануға жол бермеу;

– шикізат пен дайын тамақ өнімдері үшін жеке кесу мүкәммалын (кесу тақталары, пышақтар) пайдалану;

– шикі тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттарды пайдалануға дайын тамақ өнімдерімен бөлек тасымалдау, сақтау, өлшеп орауды қамтамасыз ете отырып, “тауарлық көршілік” қағидатын сақтау;

– ерекше иісі бар тамақ өнімдерін (шикі ет, нан-тоқаш және ұн өнімдері, дәмдеуіштер, хош иістендіргіштер, балық және ет өнімдері) бөгде иістерді қабылдайтын, сіңіретін тамақ өнімдерінен: сары май, ірімшік, сүзбе, кондитерлік өнімдер және т. б.) жеке сақтауды қамтамасыз ету;

– суық тағамдарды дайындауға арналған цехтың (үй-жай, бөлімше, учаскенің) бактерицидтік сәулелендіргіштермен (стационарлық немесе жылжымалы) қамтамасыз ету;

– қызметкерлердің жеке және өндірістік гигиенаны сақтауы, арнайы киімнің толық жиынтығымен, бас киіммен, бір реттік қолғаппен қамтамасыз ету;

– жұмыскерлер денесінің ашық беттерінде іріңді аурулардың, шағын жарақаттардың болуын күнделікті тексеру;

– қызметкерлерде медициналық тексеруден, гигиеналық оқытудан және жұмысқа рұқсаттың болуы;

– жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды, жабдықтарды ағымдағы және жалпы тазалауды жүргізу.

Юрий ЗАЛЫГИН,
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы

Басқа материалдар

Back to top button