Спорт
Рахмонов пен Гастелум жұдырықтасуы мүмкін бе?
Отандасымыз Шавкат Рахмонов орта салмақтағы UFC чемпионы атағына экс үміткер Кевин Гастелумды жекпе-жекке шақырды.
Мамыр айының ортасында Кевин Гастелум орта салмақ дивизионына қайта оралатынын мәлімдеген болатын. Ол өз мансабында 25 жекпе-жек өткізіп, оның 17-сінде жеңіске жеткен. сегізінде жеңіліс тапқан. Одан бөлек, тағы бір жекпе-жегі болмай қалған.
Кевин Гастелум орта салмақ дивизионына қайта оралатынын айтқанда отандасымыз Шавкат Рахмонов өзінің Twitter парақшасына:
– 170 фунтқа дейінгі салмақ дәрежесіне қайта оралатын Келвин Гастелумды өзім қарсы алайын ба? – деп жазды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz