Спорт
Рахмонов кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады
Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирінде кезекті қарсыласы америкалық Стивен Томпсонмен (17-7-1) болған жекпе жекті мерзімінен бұрын аяқтап, жеңіске жетті.
Бұл турнир 3 раундқа есептелген болатын. Алайда, отандасымыз қарсыласын 2 раундта тұншықтыру техникасымен жеңіп, кездесуді аяқтады. Жекпе жек соңында қазақстандық жауынгер:
– Жеңіске жеткеніме қуанып тұрмын. Себебі менің жеңісім Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнімен тұспа тұс келіп тұр. Сол себепті қуанышым қойныма сыймай тұр. Қобалжып та тұрмын. Қарсыласым осал емес. Керемет жекпе жек болды. Өзімді титул үшін белдесуге лайықтымын деп ойлаймын, – деді қазақстандық жауынгер.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz