Әр шаңыраққа – сапалы су
Жаңа жылды Құлайғыр ауылдық округі Жаманжол ауылының тұрғындары көтеріңкі көңіл-күймен бастады. Елді мекенде «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 25 млн. теңгеге су құбырлары желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Өткен жылы аудан әкімінің ықпалымен су құбырын тарту қолға алынған еді. Бөлінген қаражатқа 16 құдықты орната отырып, жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын су құбыры желілерінің төселуі бойынша жұмыстар жүргізілді. Әр үйге жеке-жеке су құбыры тартылып, өлшеуіш құралдары орнатылды. Жөндеу жұмыстарымен қазан айынан желтоқсан айына дейін «Жігер Су» КМК айналысты. Коммуналдық қызметшілер ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге барынша күш-жігерлерін салды.
Жаманжол ауылының тұрғындары көптен күткен таза ауызсуға қол жеткізіп, көңілдері көтеріліп қалды.
Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.
АБАЙ ауданы.