АймақБас тақырыпҚарағанды
ҚР Премьер-Министрі Қарағандының шина шығаратын кәсіпорынының жұмысымен танысты
ҚР Премьер-Министрі Қарағандының шина шығаратын кәсіпорынының жұмысымен танысты.
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Олжас Бектенов автомобиль шиналарын шығаратын «KamaTyresKZ» кәсіпорнына барды.
Мұнда көктемде сериялық өндірісті бастау жоспарланып отыр. Ол үшін арнайы курстардан білім алған 500-ден астам қызметкер бүгінде жұмысқа кірісуге дайын, ал кәсіпорын толық қуатына шыққаннан кейін қосымша 1 000-нан астам жұмыс орны ашылмақ.
Жобаға 214 млрд теңгеден астам инвестиция салынды. Жобалық қуаты жылына 3,5 млн жеңіл, жеңіл жүк және жүк шинасын құрайды. Қазіргі уақытта мұнда жабдықтарды монтаждау және іске қосу, ретке келтіру жұмыстары жүріп жатыр.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА