Жаңалықтар

ҚР Қорғаныс министрі болып Мұрат Бектанов тағайындалды

Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы қорғаныс министрі болып Мұрат Бектанов тағайындалды.

“Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалсын”, – делінген Ақорда хабарламасында.

Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы – Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. 

Мұрат Бектанов 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Соколовский ауданы, Сколовка ауылында дүниеге келген.

1988 жылы Киевтік жоғары қарулы қолбасшылық училищесін бітірді.

1989-1990 – мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі.

1990-1993 жылдары десанттық-шабуылдау батальонының барлау бастығы болды.

1993-1997 жылдары — взвод командирі, Алматы жоғарғы әскери академиясының курсанттар ротасының командирі.

1997-1998 жылдары – штаб бастығы-РҚҚ командирі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жауынгерлік даярлық бөлімінің офицері болды.

1998 жылдан 2000 жылға дейін – академия тыңдаушысы.

2000 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери академиясын бітірген

2000-2001 жылдары – топ бастығы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының жедел жоспарлау бөлімінің аға офицері.

2001-2005 жылдары – бөлім бастығы, жедел бөлім бастығы, Республикалық ұлан әскерлерінің жауынгерлік қызмет және дайындық бөлімінің бастығы.

2005-2007 – Бас штаб әскери академиясының тыңдаушысы.

2007 жылы Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірді.

2007-2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары.

2010-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау бөлімінің бастығы.

2013-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы “Шығыс” өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.

2016 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлықтағы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

2020 жылы 6 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған генерал-лейтенант әскери атағы берілді.

Басқа материалдар

Back to top button