Аймақ

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Қарағанды облысы бойынша департаментінің 8 айдағы есебі

Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, қызметте ашықтықты қамтамасыз етіп, халықпен әрқашан да кері байланыста болып, қызмет көрсету мемлекеттік қызметтің басты бағдары. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Әдеп кодексі қызметтік әдеп нормаларын дұрыс түсіну және қолдану үшін маңызды болып табылады.

 

Өз кезегінде, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және қызметтік әдеп нормаларын сақтауға бақылауды іске асырады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында бақылау іс-шаралары жүргізе бастады, оның ішінде 4 профилактикалық бақылау және 9 жоспардан тыс тексерістер жүргізіліп, нәтижесі бойынша  164 бұзушылықтар анықталған.

Тексеріс нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша жекелеген мемлекеттік қызметшілер тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жалпы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын сақтау жағдайы жылдан жылға жақсарып келеді. 

Оған дәлел, заң бұзушылықтар санының азаюы. Мысалы, 2022 жылы анықталған бұзушылықтардың саны 2021 жылмен салыстырғанда 14% азайса, биыл 81% азайып отыр.

Сонымен қатар, жылдан жылға мемлекеттік органдармен тәртіптік жауапкершілікке тартылатын мемлекеттік қызметшілердің саңы да азайып келеді.

Атап айтқанда, 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілер саны да 12%-ға төмендеген болса, 2023 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 22% төмендеген.

Әдеп жөніндегі кеңестің ұсыныстары бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметшілер саны да жылдан жылға азайып келеді (2021 ж. – 14, 2022 жылы – 6, 2023 ж. – 2).  

Бұның бәрін ауқымды түрде жүргізіліп жатқан профилактикалық іс-шараларының қорытындысы деп айтуға болады.

Мәселен, қазіргі таңда Әдеп жөніндегі кеңестің жұмысы бұзушылықтардың профилактикасына бағытталған.

Атап айтқанда, қаралған сұрақтардың профилактикалық үлесі 2021 жылы – 55%, 2022 жылы – 74% құраса, ағымдағы жылы 92% құрап отыр.

Департаментпен жүргізіліп жатқан мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және Әдеп кодексі талаптарын сақтау жөніндегі түсіндірме жұмыстары да 50% ұлғайғанын атап көрсетуге болады.

 Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің тәртібін нығайтудағы әдеп жөніндегі уәкілдердің рөлі ерекше.

Ағымдағы жылы Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережеге өзгерістер енгізіліп, онда аталған функцияны әкімнің немесе мемлекеттік орган басшысының кеңесшісіне жүктеледі деп көрсетілген.

Егер аталған лауазымдар болмаған жағдайда, бұл функция өзге мемлекеттік қызметшілерге жүктеледі.

Әдеп жөніндегі уәкілдер тұрақты түрде мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, сауалнама өткізеді және тиісті талдамалық іс-шараларды ұйымдастырады.

Міне осы жан-жақты, ауқымды алдын алу шараларының арқасында бұзушылықтардың көлемі біршама төмендеуде.

Бұдан бөлек, уәкілетті органмен мемлекеттік қызмет көрсету сапасына да бақылауды жүзеге асырады. Қызмет алушылар халық болып табылғандықтан бұл салаға деген қойылатын талап жоғары, бұл сала мемлекеттік органдар үшін өзекті.

Осы бағыт бойынша а.ж. Қарағанды облысы бойынша 22 субъектке қатысты тексеріс іс-шаралары жүргізілді. Тексерістер барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнамасының 1288 бұзушылық анықталып, 23 тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылды.  

Бақылау шараларының қорытындысы бойынша 8 әкімшілік хаттама толтырылды.

2022 жылы сәуір айында ҚР Президентінің «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы қабылданған болатын.

Осы орайда Агенттікке және оның аумақтық бөлімшелеріне мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту мәселелері бойынша, оның ішінде мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін зерделей отырып, мониторинг пен талдау жүргізу бойынша жаңа функциялар жүктелді.

Агенттік Қарағанды облысының мемлекеттік органдарына «өтініштерді қарау» және «ақпараттық жүйелер» бағыттары бойынша мониторинг жүргізеді, бұл ретте ауыл шаруашылығы және экология салаларында талдамалық жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша жұмыс қорытындылары туралы қорытынды анықтамалар жасалады, тиісті ұсыныстар енгізіледі. 

Осы мәселе бойынша жүргізілетін жұмыстың мақсаты мемлекеттік аппараттың қызметін жетілдіру және бюрократиялық рәсімдерді еңсеру жөніндегі шараларды әзірлеу болып табылады.

Әрине, барлық мүдделі мемлекеттік органдар үлкен жұмыс жасаулары керек, осыған байланысты нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін бұл бағытта барлық мемлекеттік аппараттың, оның ішінде облысымыздың мемлекеттік қызметшілерінің үйлесімді жұмысы талап етіледі.

Барлық мемлекеттік органдар бұл бағытта бірдей, ынта мен талпыныс танытып, осы жұмысты ортақ мүддеміз деп түсінсе, оң нәтижелерге тез арада қол жеткізетінімізге сенімдіміз.

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы

 бойынша департаменті

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button