Жаңалықтар

«Әр елдің салты басқа»

1 мамыр елімізде 1996 жылдан бастап тойлана бастады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Жарлығымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні деп жарияланғаны белгілі. Міне содан бері Қазақстан халқы ынтымақ пен береке күнін тұрақты әрі дәстүрлі деңгейде тойлап келеді.
Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем 1 мамыр күнін тойлайды. Бірақ, бұл мейрам әр елде әртүрлі сипатта болып келеді. Мысалы, Нидерландыда сәуір айының соңғы күнінде Қызғалдақтар фестивалі басталады. Фин елінде бұл мейрамның екінші атауы бар: Ол – «Бостандық күні» деп есептелінеді.
Швейцария, Чехия, Словакия, Венгрияда да 1 мамыр мерекесін өздерінше тойлайды. Мысалы, Швейцарияда 30 сәуір күні түнде жас жігіт өзінің сүйіктісінің терезесінің алдында жас емен ағашын отырғызып кетеді. Сол арқылы өзінің жүрекжарды ақ тілегі мен ниетін білдіреді. Оңтүстік Кореяда осы күні Будданың туған күнін тойлайды.
Оңтүстік Африка Республикасында биліктің ұйымдастыруымен бүкіл халық еңбекшілердің мерекесі ретінде көшеге шығады. Италияда ежелгі римдіктер гүл мен көктем құдайы Флореға табынған. Сөйтіп «Флориалия фестивалін» өткізу игі дәстүрге айналды.
Сицилияда бұл күні халық бір-біріне түймедақ (ромашка) сыйлайды. Ежелші римдік аңыз бойынша түймедақ адамға бақыт әкеледі екен. Францияда бұл күн ресми түрде мемлекеттік мереке болып есептеледі. 1883 жылдың 1 мамыры күні олар алғаш рет өздерінің құқын қорғап, көшеге шықты. Бұқаралық шеру француз елінде осы күнге дейін аталып келеді. Ұлыбритания бұл күнді еңбек пен береке, ырыс күні ретінде 1897 жылдан бері атап өтіп келеді. Қытайда 1 мамыр күні «Алтын аптаның» біріне саналып келді. Бұл күні басталған демалыс күндері бір аптаға созылады. Жалпы, «Алтын апта» мейрамы Қытайда 1999 жылы бастау алды.
Міне, әлем елдерінде 1 мамыр күні әртүрлі деңгейде тойланады. Бірақ, қалай мерекеленсе де, түпкі мақсат пен тұжырым ортақ. Ол – бірлік пен береке, ынтымақ күні.

Маржан терген
Нұрдос КӘРІМ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button