Коронавирус
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ресей Федерациясында өндірілген вакцинаның алғашқы партиясын елге әкелуге рұқсат етті
Рұқсат құжаты ҚР “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексінде қарастырылған. Осылайша, ел аумағына әкелінген дәрілік заттарды қолдануға рұқсат етілген.
Дәрілік заттардың сапа сертификатын және оның тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдейтін басқа да құжаттарды, оның ішінде GMP халықаралық стандарттарына сәйкестік сертификаттарын көрсету міндетті.
Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірген өнім тіркеу сатысында тұр. Оны тіркеу куәлігін алғаннан кейін қолдануға болады. Тіркеу рәсімін егжей-тегжейлі зерттеп-қараудан және өндіріс алаңы халықаралық қауіпсіздік және сапа талаптарына сәйкес сертификатын алғаннан кейін, биыл 16-20 ақпан аралығында аяқтау жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі.