«Әр дауыс – маңызды»
Қарағандының Оңтүстік-шығысындағы №81 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері таңғы сағат алтыға таман учаскеде жиналды. Тәртіпке сәйкес, комиссия мүшелері, байқаушылар мен сенімді өкілдер таныстырылды. Бюллетеньдер таратылып, учаскедегі жұмыс реті тағы бір мәрте пысықталды. Сағат 7.00-де Әнұран шырқалып, дауыс беру басталды.
Учаскеде 2558 дауыс беруші тіркеуде тұр.
– Учаске ашылған сәттен тұрғындар белсенділік танытуда. Сағат 8.00-де дауыс бергендер саны 130-ды межеледі. Түске қарай халық қарасы көбейеді деп ойлаймын, – дейді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Наталья Чернушенко.
Халық тарапынан бұл сайлауға қызығушылық ерекше екені белгілі.
– Мен мекенжайым бойынша дауыс беруге Астанадан арнайы келдім. Ел болашағына бей-жай қарамау керек деп ойлаймын. Әр дауыс маңызды, – дейді Денис Прокопенко.
Бұл жерде «Ауыл», AMANAT, «Байтақ», Respublika, ҚХП партияларының байқаушылары мен кандидаттардың сенімді өкілдері бақылау жүргізуде.
Нұрқанат ҚАНАПИЯ,
Ortalyq.kz