Әр дауыс – ел болашағы үшін
Еліміздің ертеңін айқындайтын маңызды кезеңге қадам бастық. Алда өтетін республикалық референдум – мемлекетіміздің даму бағытын айқындап, болашаққа берік бағдар беретін тарихи мүмкіндік. Бұл – әр азаматтың ел тағдырына бейжай қарамай, өз үнін қосатын жауапты сәт.

Ұсынылып отырған өзгерістер қоғам сұранысына жауап беріп, әділдік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру – ортақ болашағымыз үшін жасалып жатқан нақты қадам.
Дауыс беру – заңмен бекітілген құқық қана емес, ол – елге деген жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі. Әрбір таңдау – келер ұрпақтың жарқын болашағына қосылған үлес.
Осы маңызды күні баршаңызды белсенділік танытып, өз таңдауыңызды жасауға шақырамын.
Береке-бірлігіміз нығайып, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын!
Ұлан АЛМАС
Приозерск қаласы әкімінің орынбасары



