Ресми

Әр азаматтың дауысы маңызды

Осакаров ауданының тұрғындары да тұңғыш рет өз әкімдерін таңдап жатыр. Аудан орталығындағы сайлау учаскесінде 21277 сайлаушы тіркелген.

41 учаскелік комиссия бар. Кандидаттардың саны үшеу. Олар «Amanat», «Ақ жол», «Қазақстан халық партиясынан».

 – Қазан айының басында комиссия өкілдеріне оқыту курстарын өткізе бастадық. Курстар онлайн және офлайн ұйымдастырылды. Тиісті ақпараттардың барлығы комиссия өкілдеріне ретімен жеткізілді. Ауылдардағы дайындықты тексердік. Әсіресе, сайлау учаскелеріне мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін кіруіне жағдай жасалды, – деді аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Дана Молдағалиева.

Зере Қабылдақызы тұңғыш рет дауыс берді. Туған өлкесінің тағдырына зор жауапкершілікпен қарайтынын жеткізді. Ол халықтың өз әкімін өзі таңдауы ел ертеңі үшін маңызды екенін айтады.

 – Әкімін халық өзі таңдап жатыр. Бұл – өте жауапты қадам. Біз осы сайлау арқылы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырамыз. Аудан халқының игілігіне қызмет ететін басшыны таңдай алсақ, азаматтық борышымыздың орындалғаны. Ауданның әр тұрғыны өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінуі тиіс, Мұнда әр азаматтың дауысы маңызды, – деді Зере Қабылдақызы.

Ерік НАРЫН

Осакаров ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button