Бас тақырыпБасты тақырып

QazGramma: Грамматикалық қате жөндейтін жүйе пайда болады

“Тіл-Қазына” ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай грамматикалық және стилистикалық қателерді автоматты тексеріп, синонимдер ұсынатын QazGramma ұлттық жүйесі пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Ortаlyq.kz тілішісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап. 
Сурет qamshy.kz
–Өздеріңіз білесіздер, әлеуметтік желіде, жалпы күнделікті қатынаста қазір, өкінішке қарай, сауатсыздық бар. Сондықтан да осыны қазақ тілі заңдылықтарына сәйкес стилистикалық, құрылымдық, пунктуациялық, грамматикалық барлық қателерін салып, ықшамдап, тұрақты сөз тіркестеріне айналдырып, перефраз жасап беретін өзіміздің ұлттық жүйеміз пайда болады, – деді Мақпал Жұмабай.
QazGramma EGov, документолог, сонымен қатар, eOtinish сияқты жүйелерге енеді. Жақында жалпы көпшілікке ұсынылады.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Басқа материалдар

Back to top button