Бас тақырыпБасты тақырып

Qarmet кәсіпорындарына жаңа технология үшін 1,6 трлн теңге инвестиция құйылады

Қарағанды облысында алдағы жылдары 120 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Оның ішінде 29 жоба биыл іске қосылады. Өңір тау-кен өндірісі мен қайта өңдеуге басымдық береді. Қазірдің өзінде ыстық мырыштау зауыты жұмыс істеп тұр, теледидар мен кір жуғыш машина шығаратын өндіріс іске қосылды.

Сурет Ақорда

Жобалардың басым көпшілігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Жолдауын жүзеге асыруға бағытталады. Осы мақсатта Қарағанды облысында Qarmet компаниясының кәсіпорындарында өндірісті жаңғырту мен жаңа технологияларды енгізуге 1,6 трлн теңге инвестиция құю жоспарлануда.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың айтуынша, өңір алдыңғы қатарлы идеяларды енгізетін алаңға айналуы тиіс. Қарағанды облысы экономикасын әртараптандыруда қазірдің өзінде жетістіктерге жетіп отыр. Өткен жылы өңір кәсіпорындарында өндірілген өнім көлемі 3 трлн теңгеден асты.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

 

Басқа материалдар

Back to top button